Accessibility links

Президент Джордж Буш өзінің Ирақтағы жағдайларға көңілі толмайтынын айтты


АҚШ президенті Джордж Буш ирақтықтар мен американдықтардың көп шығынын әкелген Ирақ соғысындағы соңғы жағдайларға көңілі толмайтынын мәлімдеді. Бірақ, Ақ Үйде өткізген баспасөз мәслихатында ол, азаттық күші ақырында өшпенділік идеологиясын жеңеді деген өзінің оптимистік ойын жеткізді. Сонымен қатар, АҚШ президенті Құрама Штаттар күшінің Ирақтағы жеңіске толық қолы жеткенше қалатынын ескерткен.

Ираққа салынған әскери күштерін бағалай келе, АҚШ президенті Джордж Буш бұл елдегі қақтығыстардың Ирақ азаматтарына тигізген салдары туралы айтты. Және Буш қазан айының өзінде Ирақтағы шабуылдардан 93 АҚШ әскері мен 300-ден аса Ирақ күштері мерт болғанын мойындады.

“Мен көптеген американдықтың Ирақтағы жағдайға көңілі толмайтынын білемін. Менің де көңілім толмайды” дей келе, Буш Ирақтағы соғыс бүлікшілдер мен американдықтар ұстанған екі идеологияның қақтығыс болды деп атап өтті.

“Менің көзқарасым бойынша, егер біз Ирақтағы жұмысымызды аяқтамай кетіп қалсақ, онда тек ұтылғанымыз. Мен бұл кең көлемді террормен күресте идеологиялық қақтығыста жеңіске жете алатынымызға сенімдімін. Мен сенімдімін, өйткені мен мүмкіндік берілсе азаттық күші әркезде де өшпенділік идеологиясын жеңеді деп сенемін”, деді АҚШ президенті.

Буштың соғыс стратегиясындағы қарсыластары оның Ирақтықтардың өз елінің қауіпсіздігін тезірек өздері алуына жол ашып, Ирақтағы АҚШ күштерін шығару мерзімін белгілеуге шақырған.

Сейсенбі күні Бағдадтағы Құрама Штаттар елшісі Залмай Хализад пен Ирақтағы АҚШ күштерінің қолбасшысы генерал Уильям Кэйсей құрылғанына бір жыл болған Ирақ үкіметі 12-18 айдың ішінде елдің қауіпсіздігіне жауапкершілікті өздері алатындай болады деген сенімдерін жеткізген.

Бұл тұрғыда АҚШ президенті осыған дейін бірнеше рет қайталағандай, Ирақтағы әскерлерді шығару кестесін жасау ұсынысын қабылдамай келеді. Нақтырақ айтқанда, Буш өзі мен әскери қолбасшыларының ең бірінші Ирақ үкіметінің қауіпсіздік операцияларын қабылдау мүмкіндігіне баса назар аударатынын айтты.

“Біз Ирақ жетекшілерінен не жасау керектігін сұрап отырмыз десек, Сіздердің не істемек ойларыңыз бар? Қашан елдің қауіпсіздігіне жауапкершілікті ала аласыздар деп сұраймыз. Сондықтан Ирақтағы халықтың өзі үкіметтің қақтығыстарды реттеу жоспары мен үкіметін біріктіру үшін қажетті жоспарпен алға жылжып жатқанын көре алуы керек. Бұл негізінен адамдардың “біз нақты Ирақтан шығарылғанды қалаймыз” деп айтқанынан бөлек. Іс жүзінде, алдыңғы мәліметтер бізді жеңетіндей көрсетуі мүмкін. Жасанды кесте арқылы шыға біздік жеңідгенімізді білдіреді”-дейді АҚШ президенті.

Ақ Үйде өткен бұл баспасөз мәслихатында журналистердің бірі Буштан, Құрама Штаттардың Ирақтағы проблемаларына жауапкершілікті кім алады, оған сіз АҚШ Қорғаныс министрі Дональд Рамсфельдті кінәламайсыз ба деген сұрақ қойған еді. Оған осыған дейін де Рамсфельді қорғап келген АҚШ президенті бәрбір соңғы жауапкершілік өзінде екенін айтқан.

Және Буш Ирақтың екі көршісі Иран мен Сирия Ирақтағы діни жікшілдік қақтығысты тоқтатуға көмектеседі деген үміті болғанын жеткізіп, бірақ өзінің Техранмен оның ядролық бағдарламасынан бас тартпай отырғанына байланысты тікелей келіссөз өткізуден бас тартатынын айтқан.

Ақ Үйде өткен баспасөз мәслихатында Құрама Штаттар президенті Иран мен Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына қатысты да өз пікірлерін білдірген.
XS
SM
MD
LG