Accessibility links

Нью-Йорк қаласы 11-ші қыркүйек шабуылдарының алты жылдығын атап өтті


Құрама Штаттарға болған ең ауыр террорлық шабуылдан Дүниежүзілік Сауда Орталығының егіз мұнарасы жермен жексен болғанына алты жыл болды. Сейсенбі күні “Ground Zero” яғни жарылыс ортасы болған Нью-Йоркте қала басшысы Майкл Блумберг еске алу шараларына жетекшілік етіп, ондағы құрбан болған 2500-ден аса адамның есімін оқып шықты. Осы жылғы 11-ші қыркүйекті еске алу шаралары бұрынғыға қарағанда төменгі деңгейде өтті. Көп шараны құрбан болғандардың туыстары мен отбасы мүшелері ұйымдастырған. Еске алу жиынына тек жақындары мен достары ғана кіргізілді. «Азаттық» радиосының тілшісі Никола Крастев те ол жерде болған еді.

Әлемнің әр түкпіріндегі миллиондаған адам сияқты Канаданың Ванкувер қаласынан келген өрт сөндіруші Геральд Мэткаст та 2001 жылғы 11 қыркүйекте теледидар арқылы көрсетілген террорлық шабуылдарға көзі сенбегенін айтады:

“Менің өрт сөндіруші әріптестерімнің өмірін қиды және онда бұл үшін ешқандай себеп болмауы керек еді. Бұл болмауы тиіс. Бір ғана нәрсе ол өртенген ғимараттың ішіне кіріп, өз қызметіңді орындау, бірақ бұл өте жан түршігерлік болды. Олай болмауы керек”.

Нью-Йорктегі Дүниежүзілік Сауда Орталығына террорлық шабуыл жасалғанда құрбан болған 2,626 адамның қатарында 319 өрт сөндіруші мерт болды.

Бұл кезінде егіз ғимарат тұрған Манхэттанның төменгі жағында қазір көп жерлер жөнделген, қайта салынған. Уолл Стрит маңына метромен шеттен келетін мыңдаған адамға қызмет көрсететін жаңа көлік орталығы ашылған. Шуылдаған құрылыс жұмысшылары мен жарылыс орталығындағы биік крандар әрдайым оқиғаны еске салады.

Әр тараптан келген туристер Ground Zero-дағы қоршауды жаяу айналып, ондағы екі мұнараның құлаған тарихы туралы баяндайтын сурет көрмесін көруге келеді. Дублиннан әйелі Рашельмен келген Ричард Фоггерти Нью-Йоркте ұзақ уақыттан бері туыстары тұратынын айтады. Оның айтуынша, бұл барлық жерде қауіпсіздікті қамтуға жасалған дабыл дейді.

Ал, Франциядан келген Джулиан біз қаласақ та қаламасақ та 11-ші қыркүйек оқиғалары әрбір адамның өміріне әсер етті дейді:

“Мен франциялықпын, Нью-Йоркте болған жағдайларды алғаш рет теледидардан көрген сәтім менің және басқа да әрбір адамның есінде қалды. Менің ойымша, осыдан кейін бәріміз оны түсінуге, барлық ақпаратты білуге тырыстық. Ол кезде мен студент болып жүргенмін, келесі күні сабаққа барғанда менің алғашқы ұстазым ол туралы ештеңе айтпады, біз өте таң қалдық. өйткені, біз ол туралы сөйлескіміз келді, себебі ол Нью-Йоркте болды, бір күні Парижде де болуы мүмкін ғой”.

2001 жылдан бері тұрақты өткізіліп келе жатқан шаралардың бірі Нью-Йорктегі Буддалардың шіркеуі ұйымдастырған жылдық шырақ жағып еске алу шарасы. Оны ұйымдастырушы жоғарғы дін қызметшісі Накагакидің айтуынша, бұл ежелгі дәстүр бізге дейінгілердің өмірге қатысты символикалық көрінісі әрі түсіністік пен бейбітшілік үшін үміт жарығы ретінде көрсетіледі:

“Бұл Буддистердің дәстүрлі оқиғасына қарамастан, оның есігі барлық адамның өміріне біздің өз құрметімізді білдіретін жолмен келісетіндігін танытқан әрбір адамға адамға ашық. Бұл сонымен қатар, бізге бейбітшілік туралы бейбіт өмірдің маңыздылығы жайында айтып отырады әрі ешкімге де қайғылы жағдай болмауы керектігін есімізге салады. Бұл жыл сайын Хирошимада болып тұратын үндеуге ұқсайды. Өйткені, бұл осындай жағдайларға қатысты”.

Бұл шырақ жағу шарасы дәстүрлі будда рәсімімен Жапондар мен американ хорының қолдауымен Граунд Зироның маңындағы Гудзон өзені жағалауында өтті.

Будда дәстүрі бойынша 108 шырақ суға жіберіліп, алты жыл бұрын террорлық шабуылдан құрбан болғандардың рухына тағзым етілді.
XS
SM
MD
LG