Exit poll: Дауыс берушілердің 69,8 пайызы АЭС салуды қолдады
"Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты" жеке қорының жүргізген exit poll нәтижесі бойынша, дауыс берушілердің 69,8 пайыз АЭС құрылысын қолдаған, ал 30,2 пайызы қарсы шыққан.
ОРК АЭС салу туралы референдумда дауыс бергендер саны жөнінде алдын ала деректі жариялады
Қазақстанда 6 қазан күні референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталған соң бір сағаттан кейін Орталық референдум комиссиясы дауыс беруге қатысқандар саны туралы алдын ала қорытынды мәліметті жариялады.
Ресми дерекке сай, ел бойынша дауыс беру құқына ие 12 244 683 Қазақстан азаматының 63,87 пайызы, яғни 7 820 918 адам өз таңдауын жасаған.
Дауыс беруге қатысқандар көрсеткіші жөнінен бірінші орында Қызылорда облысы тұр – 82 пайыз. Ең аз көрсеткіш Алматы қаласында тіркелген – сайлаушылар тізіміндегі адамдардың 25 пайызы ғана дауыс берген.
ОРК мәліметі бойынша, жексенбі күні сағат 14-тен кейін, дауыс беруге қатысқандар саны 51 пайыздан асқан соң, Қазақстан заңына сәйкес, референдум өтті деп танылған.
63,87 % — АЭС бойынша референдумда дауыс бергендер үлесі
Қазақстанда АЭС салу бойынша өткен референдумға алдын ала нәтиже бойынша, дауыс беруге құқылы адамдардың 63,87 пайызы келіп, дауыс берген. Бұл - 7 820 918 адам.
Түркістан облысында дауыс беру барысын бақылаған белсенді учаскеден қуылғанын хабарлады
Түркістан облысында референдум учаскесінде "карусель" әдісі қалданылды деп күдіктеніп, прокуратураға арыз түсірген белсенді Құрал Сейітханұлы өзін сайлау учаскесінен шығарып тастағанын хабарлады.
ПІКІРЛЕР