Accessibility links

Мариуполь қаласының спутниктен түсірілген көрінісі. 12 наурыз 2022 жыл.
Мариуполь қаласының спутниктен түсірілген көрінісі. 12 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 9-13 наурыз аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

Әлемдегі ең ірі көлік корпорацияларының бірі Toyota Motor Ресейдегі өндірісі мен Ресейге экспортын тоқтатты

"Санкт-Петербургтегі зауытымыздағы өндіріс жабдықпен қамтамасыз ету қиындығына байланысты толықтай тоқтады. Дайын көліктерді Ресейге жеткізу де тоқтады. Оған өндіріс тізбегі мен экспорт жолдарындағы мәселелер де түрткі болды" деп келтірді компанияның сөзін ТАСС агенттігі.

Оған дейін Toyota Motor Ресейдегі қызметкерлерін қайтаратынын мәлімдеген. Ол туралы жапон газеті Nikkei жазған. Корпорация 26 қызметкері мен олардың отбасы мүшелерін көшіруге бекінген.

Антальяда Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба арасындағы кездесу аяқталды. Кездесуден кейін Кулеба пресс-конференция өткізіп, "атысты тоқтату туралы келісімге келе алмадық" деді.

"Лавров Мариуполь тұрғындарын эвакуациялайтын гуманитарлық дәліз ашамыз деп уәде бере алмады" деді Кулеба.

- Біз басқа елдерге шабуылдаймыз ба? Біз басқа елдерге шабуыл жасауды жоспарламаймыз. Украинаға біз… көп рет түсіндірдік: Ресей федерациясының қауіпсіздігіне тікелей қауіп төнген шақ келді.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Антальяда Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен кездесуден соң баспасөз мәслихатында айтқаны.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Антальядағы баспасөз мәслихатында Украинаны батыстың еркіне жығылды деп айыптады.

Лавров "Шабуылға ұшыраған Мариупольдегі аурухана мен перзентханада дәрігерлер мен науқастар болмады, онда "Азов" батальоны не басқа бір топ болды" дейді.

Бірақ АР ақпарат агенттігі таратқан мына фотолардан аурухана мен перзентханадан жүкті әйелдердің эвакуацияланғанын көруге болады.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG