Орта Азиялық баспасөзде “діни еркіндік” тақырыбы қаншалықты қамтылады?

Орта Азияның бес мемлекетінде баспасөз еркіндігінің деңгейі айтарлықтай өзгеріп жатқанда, бұл аймақта діни еркіндік мәселесіндегі қайшылықтар назарға алынбай отырғаны байқалады. Оны бағамдаудың қиындығы –бәлкім мұндағы бір себеп қайшылықтарға қарсы тұруды қаламағанда немесе мемлекеттік құрылымдардың сынына ұшырап, болмаса тіпті жәбірленуден қорғануда жатуы мүмкін. Оның қортындысында ішкі басылымдар негізгі дінге үстірт сілтеме жасап қана қоймай, тіпті діни сенімге қатысты сұрақтарды айналып өтуге тырысады. Дегенмен, Азаттық радиосы тілшісінің алдағы хабарында, әлеуметтік-азаматтық топтар мен тәуелсіз ақпарат құралдарының өнімдері барлық нәрсені өзгертуге тырысатын дамыған интернеттік зерттеуге көмектеседі деген ойды білдіреді.
Авторитарлық әкімшіліктің қоғамдық пікірлерді басып ұстауына тырысып отырған бұл аймақта сөз еркіндігіне тосқауыл-кедергілер айтарлықтай болып отыр. Бұл жағдай кепілдіксіз жұмыс істейтін БАҚ өкілдеріне кәдімгідей әсер етіп, кейбір кезде ол жергілікті журналистердің өз қауіпсіздігі үшін алаңдауына әкеледі.

Мичиган Университетінің журнализм факультетіндегі Ерик Фридмэн, таяуда Орталық Азиядағы жаңалықтар тарататын тәуелсіз интернет парақшаларындағы діни тақырыптарды зерттеп көрген. Оның пікірінше, жергілікті ақпарат өкілдерінде діни сенім, ар-ождан тақырыбы қозғалмай келеді:

“Жаңалықтар қызметі, тәуелсіз немесе үкіметтік емес ұйымдардың, болмаса партиялар қолдауында болса да, олар саяси және басқа дау-дамайды айналып өту бағытын ұстанады. Және дін тақырыбы да әлбетте аймақтағы сол қоғамдық саясат пен саяси пікірталастың санатына жатады”, - дейді Ерик Фридмэн.

Оның айтуынша, жергілікті журналистер діни еркіндік мәселелерін қозғамайды. Фридмэннің пікірінше, діни тақырыпты қамту жағдайы тек аймақтағы негізгі діни сенім иелері сүннит мұсылмандары мен ресми мойындалған Ортодокс сияқты конфессиясылармен шектеледі.

Түркіменстан мен Өзбекстан сияқты елдерде билік өкілдері ақпарат өкілдерінің қандай тақырыпты қозғап, не туралы жазып жатқанын жиі бақылап тұрады. Ондағы оларға басып шығаруға рұхсат етілген жайттер, ресми мақсаттағы тақырыптардың ең таңдаулысын ғана шығару болып отыр.

Қаңтар айының ортасында Өзбекстанның діни мәселелер жөніндегі мемлекеттік қауымдастығының ресми өкілі Бекзод Қадыров, тіркелген діни топтардың саны 2 186-ға жеткенін айтты. Бұл Өзбекстанда діни еркіндікке ешқандай кедергі немесе шектеулер жоқ екенін көрсетеді деп сендіруге тырысады. Норвегиядағы “Форум-18” ақпарат агенттігінің орта азиялық тілшісі Игорь Ротардың Азаттық радиосына берген сұхбатында айтқанындай, Өзбекстанның бұл мәлімдемесі саяси насихаттың ең басты үлгісі болып отыр.

“Жақында жасалған Өзбекстанның ресми өкілінің мәлімдемесінде, қаншама діни ұйым тіркелгені туралы айтылып, бұл елдегі діни еркіндікке дәлел бола алады деген. Бірақ ол Өзбекстанда тіркелген діни ұйымдардың саны халық саны өте аз Қазақстанмен салыстырғанда үш есе аз болып отырғанын айтуды ұмытты. Ол сонымен қатар, Иегова куәгерлері тобының тіркелгенін алға тартады, бірақ ол бұл топтың тек екі қалада ғана тіркелгенін айтпады. Елдің басқа жерлерінде полиция Иегова куәгерлерін ұстап, екі адам өздерінің діни сенімдеріне байланысты ғана түрмеде бір жылдай отырып шықты”, - дейді журналист Ротар.

Форум 18 ақпарат агенттігінің тілшісі Игорь Ротар тамыз айында Ташкентке әуежайында тұтқындалып, екі күннен кейін оны елден шығарып Ресейге жіберген. Ол Қазақстанда Баптистерге жасалған қысым туралы және Өзбекстанның батысында Кришнаны қолдаушылар жайында, Тәжікстанда Синагоганы талқандаған оқиғалар жөнінде мақала жазған журналист. Дегенмен, ақпарат таратушылар Орта Азиядағы интернет жүйесіне жасалған кедергілерге қарамастан, оптимистік пікір ұстанып отыр. Fergana.ru ақпарат агенттігінің құрылтайшысы Даниль Кислов былай дейді:

“Біздің бағалауларымыз бойынша, Өзбек азаматтарының 2 проценті веб-сайттарға кіру немесе туыстарынан оның көшірмесін алу арқылы ақпартты интернеттен алады. Менің айтатыным, интернет басылымдарының ықпалы мен оның оқырмандары үнемі артып отырады, өйткені, адамдар жаңалықтарды бүгінгі ақпарат кеңістігінен іздейді. Интернет сол сияқты элита ішінде де ықпалды ақпарат көзі болып табылады”.