Бүгін Израйлдың соғыс ұшақтары Ливанның оңтүстігі мен шығысына әуеден соққы берді

Израйл күштері Ливан террриториясына толығырақ кіріп, Хизболла жасақтарын шекарадан шегіндіруге дайындалып жатыр. Бұл қақтығыстар бейбіт халық орналасқан елді мекен тұрғындарының бұл аймақтан шығуына мүмкіндік берем деген Израйлдың уәдесі мен атысты тоқтату жөніндегі халықаралық үндеулерге қарамастан жалғасып жатыр.
Израйлдың 48 сағаттай уақыт әуеден бомбалауды тоқтатамыз деп айтқан екінші күнінде, Израйл күштері Ливанның шығысындағы аймақпен Ливан шекарасындағы бірнеше елді мекенге әуеден соққы берді.

Израйл сыртқы істер министрлігінің өкілі Марк Регев бүгін Иерусалимде тілшілерге берген сұхбатында, бұл соққы беру шешімі дүйсенбі күні Израйлдың министрлер Кабинетінің отырысынан соң болды деген.

“Израйлдың Қауіпсіздік Кабинеті арнайы отырыс өткізіп, израйлдың бейбіт халқына зымыран атқан Ливанның оңтүстігінде орныққан Хизболла жауынгерлерімен күресу үшін бұл аймаққа басып кіру туралы шешім қабылдады”, - деді Марк Регев.

Израйл ақпарат өкілдері Израйл әскерінің бұл жерлердегі операциялары үшін 15 мың қосымша күштерді шақырғанын жазып жатыр.

Бүгін сондай ақ, Хизболла тобы Израйл әскерімен шекараға жақын жерде болған қақтығысынан өздерінің 4 әскері өлгенін хабарлады. Израйл Армиясы болса, соңғы 48 сағатта Хизболланың 20 жауынгерін өлтірдік дейді.

Бұл арада бүгін оңтүстіктегі Қана ауылында осыдан екі күн бұрын Израйл күштерінің соққысынан құрбан болған ішінде 37 бала бар 54 бейбіт тұрғынды жерлеу рәсімін өтті. Ол шабуыл үшін кешірім сұраған Израйлдың бұл аймақтағы халықтың елден қауіпсіз жерге шығып кетуіне және шыға алмайтындарға демек жас балалар мен жасы ұлғайған немесе мүгедек жандарға – азық түлік пен медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беру үшін әуеден соққы беруді аздап тоқтата тұруына тура келді.

Халықаралық көмек көрсету жөніндегі қызыл крест ұйымының өкілі Ливанның оңтүстігіндегі Хиния, Тир елді мекендерінен тілшілерге берген сұхбатында:

“Екі аптадан да көп уақыт Халықаралық көмек көрсету жөніндегі қызыл крест ұйымы Ливанның оңтүстігіндегі бейбіт азаматтарға қолдау жасап келеді. Олар бомбалық шабуылдар астындағы шатырларда тұрып жатыр. Бүгін олардың біразы солтүстікке көшуді жөн көрді. Халықаралық көмек көрсету жөніндегі қызыл крест ұйымы оңтүстіктегі баспанада қалған оларға көмегін жалғастыра береді, және солтүстікке барамыз деп шешкендерге де көмек жасайды”, - деген.

Израйлдың Хизболла зымырандарына жауап ретінде бердік деген Қана елдемекеніне шабуылы халықаралық сындар мен атысты тоқтатуды талап еткен үндеулерге әкелді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс дүйсенбі күні Иерусалимнен кетіп бара жатқанда, өзінің осы аптада бір бітімге келіп, атыстар тоқтайды деген сенімі болғанын айтты. Бірақ, ол бітімгершілік туралы қандай әңгіме болса да бір сағаттан кейін Израйл үкімет басшысы Эхуд Олмерттің мәлімдемесінен кейін жоққа шықты.

Онда Израйл премьер министрі Эхуд Олмерт телеарна арқылы халыққа айтқан жолдауында, Хизболладан төнген қауіп жоғалмайынша, өздерінің соғысты жалғастыра беретінін айтқан.

“Қақтығыс жалғасады. Мұнда атыс тоқтамайды. Және жақын күндері де ешқандай да қақтығыс тоқтамайды”, - деген Эхуд Олмерт.

Израйл өз әскерінің Ливан аймағынан бұл жерге халықаралық бітімгершілік күштері келгенше болатынын айтты. Ал, Хизболланы қолдаушы көрші Сирия елі өз әскерінің дайындығын күшейтуге кіріскен.