Баспасөз өкілдерінің ахуалы туралы жайсыз хабарлар бұрынғы Совет аймағында көп болып отыр

Осы аптада Нью-Йоркте орналасқан Журналистерді қорғау Комитеті кейбір елдердегі қоғамды ақпараттандыруға тырысудың қаупі жөнінде жылдық есебін жариялады. 323 беттен тұратын бұл баяндама “2006-жылдағы баспасөзге шабуыл” деп аталады. Бүгінде Азат Еуропа/Азаттық Радиосы мен оның еншілес компаниясы “Азат Азия” Радиосы Уашингтондағы Азаттық радиосының кеңсесінде Журналистерді қорғау комитетінің екі зерттеушісінен баспасөз ахуалы жайында мәлімет алған еді. Енді Журналистерді Қорғау Комитетінің Еуропа мен Орталық Азия бойынша бағдарлама үйлестірушісі Нина Огниянова мен оның Азиядағы жағдай бойынша зерттеуші әріптесі Кристин Джоунс баспасөз өкілдерінің ахуалы жайында қолда бар деректерін назарларыңызға ұсынады.
Журналистерді Қорғау Комитетінің деректеріне қарағанда, баспасөзге қатысты аяусыз хабарлардың біразы бұрынғы Совет елдерінен болып отыр. Десе де бұл аймақтағы жағдайларға оптимизм танытуға да себептер бар. Зерттеуші Нина Огниянованың сөзіне қарағанда, бұл тұрғыда ең үлкен проблема Ресейде болып отыр. Онда Владимир Путин 1999 жылы президент болғаннан бері Ресейде 13 журналист өлтірілген. Бұл өлім жағдайлары бойынша тек үш адам ғана тергеуге алынып, олардың ешқайсы жазаға тартылған жоқ.

Журналистерді қорғау комитеті атап көрсеткендей, “бұл жазасыздық” ойрандауға жол беріп, көп зардаптарын әкеліп жатыр дейді Огниянова.

“Бұл жазасыздық жағдайы - адам өлтірулерді болдырмауға мүмкіндік бермей, құрылымдық құпия жайттарымен ресми тергеулерді жабумен келеді. Ол Ресейдегі ауыр жағдайлардың ашылуына өзінің салқынын тигізіп отыр. Олар адам құқықтарының бұзылуы, коррупция сияқты жайттар. Жазасыздық жағдайы әлбетте адам өлтірушілердің жазаланбай кетуіне әкелетін қадағалауды жоғалтып, жаман хабарлар жолдап отырады, әрі бандалық топтардың қарсыластарын басып тастау оқиғалары орын алып қана қоймайды, ол сонымен қатар қалыптасқан жағдай”.

Сол сияқты Огниянова Ресейдегідей жазасыздық бұрынғы Совет елдерінде оның ішінде Әзірбайжан, Белорусь және Түркімен елдерінде орын алып отыр. Бірақ, жазасыздық Ресейдегі тәуелсіз баспасөздің тап болып отырған жалғыз кедергісі емес деген Огниянова, орталық үкімет елдегі барлық ұлттық хабар таратушыларды өз бақылауында ұстап, ақпарат өкілдерін өз дегендерімен жүргізіп отыр дейді.

Десе де Огниянова Журналистерді Қорғау Комитеті ақпанның 2-сі күнгі Ресей президиденті Путиннің Политковскаяны мадақтап, өз үкіметі Ресейдегі журналистерді қорғайды дегенін қолдап отырғанын айтты.

Сонымен қатар Нина Огниянова Түркіменстан елі Журналистерді Қорғау Комитетінің ерекше назарында екенін айта отырып, оған түрткі болған жағдай Сапармұрад Ниязов президент болып тұрған кезде, демек осыдан бес ай бұрын Азаттық радиосының Түркіменстандағы тілшісі Оғулсапар Мұрадованың түрмеде белгісіз жағдайда қайтыс болғанын алға тартты. Түркіменстанда өктем билігін жүргізген Ниязов желтоқсан айында қаза болды, бірақ Огниянова оның саясаты бәлкім әлі де жалғасын табады деп отыр:

“Ниязовтың мұрагері, аты кім еді, Гурбангулы Бердімұхамедов те өзінің алдындағы жол бастаушысы болған Ниязовтың жолымен жүруге сөз берді. Және біз ақпарат пен баспасөз өкілдерін қадағалау өкінішке қарай жалғасады деп күтіп отырмыз”, - дейді Журналистерді Қорғау Комитетінің Еуропа мен Орта Азия бойынша өкілі.

Ал, Еуропаның басқа жеріне келсек, Огниянова мұндағы үкіметтер тілшілердің алған құпия ақпарат көздерін ашып айтуға мәжбүрлеп отырғанын айтады. Ондай жағдайлар көбіне Батыс Еуропада яғни Нидерланды, Дания мен Германияда және сол сияқты Совет аймағында болған Литвада орын алып отыр дейді ол.

Азиядағы баспасөздің жағдайы туралы мәлімет берген Журналистерді Қорғау Комитетінің өкілі Кристин Джоунс, Ауғаныстандағы соғыс туралы жазуға тырысқан ақпарат өкілдерінің ахуалына да алаңдаушылық танытып отыр.

Джоунстың айтуынша, 2006 жылы Комитет Ауған-Пәкістан шекарасындағы Талибан бүлікшілдері туралы жазуға тырысқан журналистердің жағдайын бақылаған.

“Шекараның Ауғаныстан жағындағы журналистер өздерінің барлық тараптан яғни Талибан жағы, есірткі иемденушілер және қарулы күштер жақтан қауіпке тап болып тұрғанын көреді. Пәкістан жағында журналистер екі ел шекарасындағы федералды түрде басқарылып отырған тайпалық аймақтың сыйғызбаған қысым көріп отыр. Шетелдік Журналистердің бірнеше жылдар бойы бұл аймаққа келуіне рұхсат берілмеді. Жергілікті журналистер де бұл жерлерден шығарылған. Ол жерде бірқатар қамаулар мен күшпен әкету, өлтіру оқиғалары кездесті”.

Джоунстың сөзіне қарағанда, 2002 жылы американдық журналист Дэниель Перл өлтірілгеннен бері де Пәкістанда сегіз журналист өлтірілген. Оның төрттеуі Ауған шекарасында өлтірілген. Сонымен қатар, Қытайдағы баспасөз ахуалы да алаңдаушылық тудырып отыр. Қытай президенті Ху Дзиньтауо өз еліндегі ақпарат өкілдеріне ғана өз дегенін жасатып қоймай, шетелдік журналистерге де кедергі келтіріп отыр. Және интернетке кіруді шектеп отыр дейді Джоунс. Оның келтірген дерегіне қарағанда, Қытайдағы жұмысы үшін 19 журналист осындай жағдайда сотқа тартылған.