АҚШ президенті бес елге сапарында мақсатына жетті ме?

Құрама Штаттар президенті Джордж Буш өткен аптаны Оңтүстік Американың төрт еліне ресми сапарға арнады. Бразилия, Уругвай, Колумбия, Гватемела мен Мексика елдеріне барған АҚШ президентінің бұл сапары - Американың жақын көршілерімен елеусіз қарым-қатынасы мен қауіпсіздік мәселелеріне қатысты сындардың айтылуына жол берді. Президент Буш осы сапарында өзінің Американың басқа елдерін ұмытпағанын танытқысы келіп, бұл аймаққа миллиондаған доллар көмек көрсету бағдарламасы болатынын жариялады. Сонымен бұл сапар сәтті болды ма?
Буштың Құрама Штаттар шекарасының оңтүстігіне сапарын бәрі бірдей оң қабылдамады. Буштың Мехико қаласына келгеніне наразылық танытқандар көп болды. Құрама Штаттар президенті қай жерге бармасын, оны кейбірінде қақтығыстар орын алған наразылық шерулері күтіп тұрды. Сөйтіп, Джордж Буш бір елден келесі елге келген сайын, оның Латын Америкадағы басты қарсыласы Венесуэлла президенті Уго Чавес те бұл өңірге сапарын жасап жатты. Буш Гватемелада болғанда, Чавес көрші Никарагуада сапармен жүрді. АҚШ президенті Колумбияға барғанда, Венесуэла президенті Уго Чавес Боливияда болды.

Буштың Латын Американдық басқа да жетекшілермен қарым-қатынасы онша емес, десе де олардың ешқайсысын Чавеспен салыстыруға болмайды. Бірақ, Буштың ол жетекшілердің бесеуімен кездесуі көбіне жылы шырайлы жағдайда өтті. Бұл ретте Буштың Латын Америкасына қатысты саясатынан көңілі қалған ел Мексика болуы мүмкін еді.

Джордж Буш 2001 жылы президент болғанда, Мексикамен экономикалық байланыстарын кеңейтумен қатар мексикандықтар үшін көп иммиграциялық тәртіп шектеулерін алу ниеті болған. Бірақ, 2001 жылғы 11-ші қыркүйектен кейін барлық жағдай өзгеріп, Ақ Үй басшысының басым бағыты - болуы мүмкін террорлық шабуылдарға қарсы АҚШ-тың шекарасын қауіпсіз ету мәселесіне айналды. Бұл алаңдаушылық мексикандықтардың пікірінше өте ұзаққа созылып кетті.

Өткен жылы Республикандықтар бақылауында болған АҚШ Конгресі Мексикамен шекарасын бұрынғыдан қатайта түсетін заң қабылдады. Ол Құрама Штаттарға жұмыс іздеп келетін иммигранттар ағымын азайту мақсатында қарастырылған.

Алайда, сәрсенбі күні Мексиканың Мерида қаласындағы баспасөз мәслихатында, Буш пен Мексика президенті Фелипе Кальдерон иммиграция мәселесі туралы сөйлегенде, бұл тұрғыдағы ешқандай реніш немесе күйінушілік байқалмады.

«Біз миграцияға қатысты өте сезімтал және маңызды мәселелерге көп уақыт бөлдік. Менің сезімтал дейтінім, өйткені бұл - адамдар сезімдерін білдірген кезде қолдана алатын мәселе екені айқын. Ал, маңызды дегеніме себеп - жақсы миграция заңы екі жақты экономикаға көмектесіп, екі елдің қауіпсіздігіне көмектеседі», - деді АҚШ президенті.

Өз кезегінде, президент Кальдерон өз елінің Құрама Штаттармен миграция бойынша ынтымақтастық құру тілегін білдірді:

«Біз олардың, яғни Құрама Штаттарда жұмыс жасап жатқан мексикандықтардың, елге оралғанын қалаймыз. Біз олар осы Мексиканың өзінен жұмыс тапса дейміз. Олар бізге жетіспей жатыр. Олар біздің ең жақсы адамдарымыз. Олар жігерлі, жас және мықты адамдар. Олар қандай қиындықты болса да жеңе алады. Біз олардың бір күні өз еліне қайтып орала алатынындай жұмыс жасап жатырмыз».

Сонымен бұл жоғарыда сөз алған екі жетекші тек тілшілер алдында ғана ынтымақтастық құрып тұр ма, әлде олар қандай да бір келісімге қол жеткізді ме деген сауал туындайды. Оған жауап іздейтін болсақ, Буштың Америка мемлекеттеріндегі елшісі ретінде қызмет еткен Рогер Нориайга, бұл тұрғыда бірдеңе деп айту тым ерте шығар дейді.

Оның сөзіне қарағанда, Буш Латын Америкасына осы жолғы сапарында бұл жақтағы адамдарға Құрама Штаттар жақсы көрші екенін білдіру және АҚШ азаматтарының есіне олардың солтүстік жарты шардағы көршілері шекара тұрақтылығы мен энергия көзін жеткізу сияқты мәселелерде шешуші әріптесі екенін түсіру бағытында болды.

Онымен қоса, “негізінен бұл сапар Мексикадан келетін мигранттар мәселесіне арналды” дейді Нориайга.

Буш осыған дейін Құрама Штаттарға заңсыз келгендерге азаматтық алмай жұмыс жасауға мүмкіндік беретін “қонақ жұмысшы” деген бағдарлама ұсынған. Онда уақытша жұмыс жасап, берілген шектеулі мерзім аяқталғанда өз елдеріне қайту қажеттігі болды. Бірақ, Буштың ол жоспарына Республикандықтар қарсы шығып, шекара қауіпсіздігін күшейтетін заң қабылдаған болатын.