Жанар май беруді шектеуге байланысты ирандық бензин бекеттерінде қақтығыстар болды

Хабарларға қарағанда, сәрсенбіден бастап Иранның жанар-жағар май беруді жаппай шектеу жөніндегі шарасы ресми басталғандықтан, Техранда оған наразы автокөлік иелерінің қақтығысы орын алды. Сонымен қатар, бұл күні Иранның бірқатар қалаларында азық-түлік бағасы мен такси құны да көтеріліп кеткен. Бұл тұрғыдағы наразылықтар Иран президенті Махмуд Ахмединежадтың отандық экономикалық саясаты сәтсіздікке ұшырап отырғанына ирандықтардың ашуы күшейген тұста болып отыр.
Иран астанасы Техранда үкіметтің сәрсенбіден бастап бензин сатуды шектеу шешімі басталғанына ашулы автокөлік иелері бірнеше жанар май бекетіне от қойды. Өткен түнде бұл жоспардың жүзеге асуы алдында адамдардың көліктері мен бензин құятын бактерін толтырып алмақшы болған әрекетінен кезектегі тізілген көлік саны ұзаққа жеткен. Оқиға ортасында болғандардың айтуынша, жүргізушілер жанар май бекеттеріне тас лақтырып, президент Махмуд Ахмединежадті айыптап айқайлаған. Осындай жағдайлар Иранның басқа қалаларында да оның ішінде, Ахваз, Есфахан, Казаж және Табриз қалаларында орын алды.

Нақтыланбаған хабарларға қарағанда, Техрандағы жанар май бекетіндегі сәрсенбі күнгі қақтығыстарда бір әйел қаза болған. Техрандық журналист Фаризбурз Сорооштың Фарда радиосына хабарлауынша, полиция бірнеше адамды қамауға алды.

“Хабарларға қарағанда, адамдардың қалың тобы Техран мен басқа да қалалардағы бензин бекеттеріне жиылған. Нақтырақ айтқанда, Газвин, Шариати және басқа да көшелерде тобыр жұрт жанар май бекеттеріне жиналып, төбелес ашты. Оның соңы көтерілісті басушы полициямен қақтығысқа әкелді. Біраз атыстар болып, кейбір жанар-жағар май бекеттеріне өрт қойылды”.

Ал, Табриз қаласындағы журналист Пейман Пакмердің сөзіне келсек, Табризда айтарлықтай тыныш, адамдар жанар май бекеттерінен тарап кеткен. Бірақ, бұл жерде бұл күннен бастап азық-түлік қымбаттап, таксидің бағасы өсіп кеткен.

“Ет, бұршақ, күріш және жеміс-жидек бағасы көтеріліп кетті. Адамдар көк базардағы сатушылардан бағаның неге өскенін сұрағанда, олар оның бензин бағасының өсуімен байланысты екенін алға тартты”.

Сонымен қатар, Ахваз қаласының тұрғыны Можтаба Гахистоонидің айтуынша, кейбір такси жүргізушілері үкіметтің жаңа жоспарына наразылық білдіріп ереуілге шыққан.

“Шектеу шарасының тағы бір салдары -Ахваз бен қалған Хусзитан провинциясындағы такси жүргізушілердің ереуілі.

Такси мен автобус билетінің бес есеге өсуі адамдарға тағы бір проблема. Онда жүргізушілер мен жолаушылар арасында айтыс-тартыс туып жатыр”. Ал, үкіметтің жаңа енгізілген шектеу шарасы жекелеген көлік иелерінің айына тек 100 литр ғана бензин сатып алуына жол береді. Такси жүргізушілеріне айына 800 литр жанар май ғана беріледі. Иран үкіметі осыған дейін бензин бағасын айтарлықтай көтерді. Иран жанар майының бір литрі 1 мың риалдан сатылған.

Десе де ирандықтарға қазіргі базар бағасымен литрі шамамен 5 мың риал тұратын бензинге қосымша тағы сатып алуына мүмкіндік бола ма жоқ па, ол жағы әлі белгісіз. Сөйтіп, әлемдегі ірі мұнай өндірушілердің бірі, Иранның аса үлкен энергия көзі болғанына қарамастан, қажетті мұнай тасымалдау мекемесінің жетімсіздігінен елдің 40 процент шикі мұнайы шетелге беріліп жатыр.

Ирандағы ақпарат агенттігінің хабарлап жатқанындай, бірқатар парламент мүшелері бұл шектеу шарасын тоқтатуды ұсынып отыр.