А.Хастингс: ЕҚЫҰ бақылаушыларының Ресейге жіберілмеуіне АҚШ-тың қатысы жоқ

ЕҚЫҰ министрлер кеңесінің Мадридте қарашаның 29-күні басталған екі күндік кездесу алдында, тәуелсіз Құрама Штаттар Үкіметі агенттігінің басшысы ЕҚЫҰ-ның міндеттемелеріне байланысты келіспеушіліктерді қарап, аталмыш Ұйымның алдағы Ресей Думасының сайлауына өз бақылаушыларын жібермеу туралы шешіміне Уашингтонның қатысы жоқ деп отыр. Оның алдында, ресми Кремль ЕҚЫҰ-ның сайлау бақылаушыларын Ресейге жібермеу шешімі АҚШ мемлекеттік департаментінің айтуымен жасалып отыр деген болатын.
Бұл даулы мәселе осы айдың басында ЕҚЫҰ өзінің сайлау бақылаушыларын Ресейге желтоқсанның 2-де өтетін Мемлекеттік Дума сайлауын бақылауға жібермеу туралы шешімінен кейін басталды. Оған себеп - ЕҚЫҰ-ның бақылаушыларының визаға өтінішін Мәскеу бірнеше рет қайтарып жіберген.

Одан кейін Ресей президенті Владимир Путин үлкен жеңісті өзінің “Единая Россия” партиясы алады деген болжамдар айтылып отырған бұл дауыс берулердің заңдылығына күмән келтіру әрекетін ұйымдастырып отыр деп Құрама Штаттарды айыптады.

“Бізге түскен мәліметтерге қарағанда, бұл тағы да АҚШ мемлекеттік департаментінің айтуымен жасалған. Және әлбетте, біз мұны екі жақты байланыстарымызда есепке алатынымызға күмән жоқ”.

Құрама Штаттар Ресей президентінің бұл айыптауларын мойындамайтындықтарын айтты. Еуропадағы АҚШ-тың Қауіпсіздік және ынтымақтастық комиссиясы немесе Хельсинки комиссиясының өкілі Алси Хастингстің ЕҚЫҰ министрлер кеңесінің кездесуі өтіп жатқан Мадрид қаласынан «Азаттыққа» айтқанында, Путин мұндай айыптауларымен қулық жасап отыр деді. Оның атап көрсетуінше, Ресей ЕҚЫҰ-ның сайлауды бақылау жөніндегі демократиялық және адам құқықтары қанатының мүшелеріне виза бермей қойған. Жоғарыдағы дауға нағыз себеп осы болып отыр дейді Хастингс.

Сайлауға дейін кемінде 90 күн бұрын Ресейге кіруге рұхсат берілмегендіктен, ЕҚЫҰ-ның бақылаушылары өздерінің бұл процесті қажетті деңгейде бағалай алмайтындықтарын айтып отыр. 2-ші желтоқсандағы дауыс берулері бақылаушыларсыз өтуі Ресейге батып отыр дейді Хастингс:

“Ашығын айтқанда, менің ойымша олардың қиналып отырғанына себеп шетелдік бақылаушыларға жол берілмей отырғаны емес, бұл олардың сайлауларын толығымен бұзады дегеннен гөрі оны көркемдеп жіберуге көмектеседі. Сондықтан, мен Құрама Штаттар президент Путин айтып отырғандай, бұл шешімге қандайда бір қатысы бар дегенмен келіспеймін”.

Сайлау бақылаушылары туралы дау Мадридтегі кездесуде Құрама Штаттар мен Ресей арасындағы бір ғана өршіп тұрған мәселе. Тағы бір отшашулар ЕҚЫҰ-ның сайлау бақылаушыларын шектеу туралы Ресей ұсынған жоба төңірегінде болмақ. Кремль, сонымен қатар, ЕҚЫҰ-ның сайлау бақылау басқармасының дауыс берулерді бақылауға баратын мүшелерін 50-ге дейіне қысқартуды ұсынатын болады. Бұл деген сайлауды бақылаушы миссияның жетекшілерін өздері көргендері туралы сол елдің дауыс берулерінің ресми қортындысы шыққанша айтуына кедергі болмақ. Мәскеу бұл ұсынысы айтарлықтай қолдау тапқанын және кездесуде талқыланғанын қалайды, сонымен қатар, Қазақстан мен тағы ТМД-ның үш елін оған қол қоюға көндірген. Уашингтон Ресейдің ол екі ұсынысына да қатты қарсылық танытып, олар қабылданбайды деп күтіліп отыр.

Сөйтіп, Ресейдің бұл ұсыныстары мен айтқандары ЕҚЫҰ-ның сайлауды бақылау рольін әлсірету үшін жасалып отыр деген Хастингс. Оның сөзіне қарағанда, мұның бәрі ұйымның қабілетіне күмән келтіру үшін ұсынылып отыр. Мен онда ұстаныммен келіспеймін деген Хастингс, ЕҚЫҰ өзіне мүше көптеген елдерге оның ішінде Ресейге де көмектесіп отырғанын айтты.

Хастингс Ресейдің күш салып жатқанына қарамастан, өзінің бұл Мадридтегі екі күндік кездесуден “мықты талқылауларды” күтетінін айтып, ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және Адам құқықтары басқармасы миссиясының ролі әлі де мықты болып қала береді дегенді алға тартты.