Украина-Ресей соғысы, Назарбаевтар әулетінің "заңсыздықтары", доллар тапшылығы

Your browser doesn’t support HTML5

Путиннің бұйрығымен Ресей әскерінің Украина жеріне басып кіргеніне 20 күн болды. Орыс ракеталары Киевті атқылап жатыр; Санкция астында қалған Ресей азық-түлік экспортына шектеу қойып, Қазақстанда қант қымбаттады. Рубль құнсызданған соң теңгенің де жайы мәз емес; Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі екі айға қамалды, ал туған інісінің заңсыз майнинг фермасы бары анықталып, жұмысы тоқтағаны хабарланды.