Ресей басқыншылығы жалғасып жатқан тұста Еуропа комиссиясы Украинаға өнімдерін уақытша кеден салығынсыз тасымалдауға мүмкіндік бермек.
🔴 UNPRECEDENTED: EU grants #Ukraine zero-tariff, zero-quota trade.These measures will boost trade & keep its economy going. This is vital to win the war and recover post-war.This shows 🇪🇺%27s unwavering commitment to helping 🇺🇦 in its hour of need.👉 https://t.co/bStnWPnmoc pic.twitter.com/8yTqitp1ZZ
— Valdis Dombrovskis (@VDombrovskis) April 27, 2022
"Бұл шаралар сауданы нығайтып, Украина экономикасына қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Соғыста жеңіп, қалыпқа келу үшін өте маңызды. Бұл ЕО-ның ауыр кезеңде Украинаға көмектесу ниетінен айнымайтындығының көрінісі" деді Еурокомиссия жетекшісінің орынбасары Валдис Домбровскис.
Украина президенті Владимир Зеленский аталған шешімнің жай-жапсарын Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйенмен талқылағанын айтып, еуропалық әріптестеріне алғыс айтты.
Еурокомиссия шешімін Еуропарламент пен одаққа мүше 27 ел үкіметтері мақұлдауы тиіс.