Қаңтар құрбандарының дерегі, Маңғыстаудағы наразылық

Your browser doesn’t support HTML5

Азаттық радиосы "Қаңтар құрбандары" деп аталатын жаңа жобаны таныстырды. Жобаға қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан, жараланған, абақтыда азап көргендердің дерегі, оқиғасы топтастырылған. Қаңтар оқиғасына байланысты тергеудің әділ өтпей жатқанын айтып ондаған адам Алматы прокуратурасына барды. Арызданғандар арасында Тараз, Қызылорда тұрғындары да бар. Маңғыстау өңірінде еңбек дауы басылар емес. Мұнайлы ауданында жұмысшылар жалақы өсіруді талап етсе, Жаңаөзен қаласында тұрғындар жұмыс тауып беруді сұрайды.