Самат Әбішті тергеу, Назарбаев мектебіндегі дау, Ауғанстандағы зілзала

Your browser doesn’t support HTML5

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болған Самат Әбіштің қаңтар оқиғасына байланысты тергеуде жауап бергені хабарланды. Бірақ оның күдікті не куәгер екені белгісіз. Назарбаев зияткерлік мектебінде қазақ және орыс сыныптарына бөлінген грант санына байланысты дау шықты. Қазақ тілінде емтихан тапсырғандар "әділдік болмады" дейді. Ауғанстанда жер сілкінісі болып, мыңға жуық адам қаза тапты. Жүздеген тұрғын жарақат алған.