Назарбаевтың "құпия әйеліне тиесілі" театры мен Нұр-Сұлтанға келген жаңаөзендіктер

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанның экс-президенті Назарбаевтың "құпия әйеліне тиесілі" делінген театрдың құрылысы аяқталды. Ал қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың "тарихи рөлі" туралы айтады. ҰҚК генералы "қызметін асыра пайдаланды" деген күдік бойынша қамауға алынды. Қазақстанның қауіпсіздігіне жауапты орган басшылары неге жиі істі болады? Нұр-Сұлтанға биліктен тұрақты жұмыс сұрап келген жаңаөзендіктер айыппұл арқалады. Он күннен аса далада түнеп жатқан жұмыссыздарды таң ата полиция ұстап әкетіп, басқармаға апарып соттаған.