Сайлауға 45 млрд теңге, жолдауды "қолдау", Қаңтар соты

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанда алдағы кезектен тыс президент және келесі жылы көктемде өтуі тиіс парламент сайлауларына бюджеттен 45 миллиард теңге жұмсалмақ. Алматыда азаптаудан өлген азаматтың туыстары іс жөнді тергелмей жатқанын айтып наразалық білдірді. Ал Шымкентте Қаңтар оқиғасына байланысты сотталған үш белсендінің шағымын судья қанағаттандырмай тастады. Еуразия университетінің ғалымдары билік президент жолдауын қолдауға мәжбүрлеп отыр дейді. Министрлік те, университет те оны жоққа шығарады.