Қытайдағы қамау, Біртановқа үкім, Азаттықты бұғаттау

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішевке үкім шықты. Екеуіне шартты жаза кескен судья қосымша 1,3 миллиард теңге шығынды өтеуге міндеттеді. Біртанов үкіммен келіспейді. Қытайдың Шыңжаң аймағында карантин күшейіп, адамдарды мәжбүрлі қамаққа алып жатқаны хабарланды. Белсенді мұны қудалау деп санайды. Қытай билігі ковид жұқтырғандардың көбейгенімен байланыстырады. Қырғызстанда Азаттық сайты екі айға бұғатталған соң елдегі өзге журналистер, ақпарат құралдары биліктің шешімін сынап, наразылық акциясын ұйымдастырды.