Батыс бақылаушыларына Астана өкпелі

Your browser doesn’t support HTML5

Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының қорытындысын жариялады. Қасым-Жомарт Тоқаев 81,3 пайыз дауыс алып, жеңіске жетті. Қазақстандағы сайлаулардың ешбірін де әділ өтті демеген ЕҚЫҰ бақылаушылары соңғы науқанды "бәсекесіз сайлау" деп атады. Астана "өкпелеп" қалды. ҰҚК сайлау күні "билікті басып алмақ болды" деген күдікпен ұстағандар айыпты мойындамайды. Сот екі күдіктіні екі айға қамау туралы үкім шығарған.