Тоқаевқа түрмеден хат

Your browser doesn’t support HTML5

Қаңтар оқиғасына байланысты қамауда отырған 20 шақты адам президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа араша сұрап хат жазды. Туыстары оларды босатуды талап етіп прокуратураға барды. Қазақстанда 2007 жылдан бері алғаш тіркелген жаңа партия Ақорда саясатын қолдайды. Сарапшылар "Байтақ" партиясының экологиямен және шынайы саясатпен айналысатынына күмән келтіреді. Өскемен қаласының тұрғындары қыста үсіп қаламыз ба деп алаңдап отыр. Ал ЖЭС бұзылып, тоңып отырған Екібастұз тұрғындарына халық жылу жинап жатыр.