"Назарбаевтың адамы". Тоқаев 68 жастағы Ахметовті әкім қызметінде тағы қалдырды

Your browser doesn’t support HTML5

Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып 68 жастағы Даниал Ахметов қайта тағайындалды. Оның бұл өңірді басқарып келе жатқанына 8 жыл. Әкім лауазымында тағы қанша отыратыны белгісіз. Азаттық тілшілері сөйлескен жергілікті тұрғындар оның жұмысына аса разы емес екенін байқатты.