Сенат Назарбаевтың "құрметті сенатор" атағын жойды

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевты "құрметті сенатор" атағынан айырды. Атақты Назарбаевқа 2019 жылы шәкірті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынып, қызы Дариға Назарбаева табыстаған еді. "Қазақстан - үлкен түрме" акциясын өткізген белсенділерге қылмыстық іс қозғалған. Олар айыппен келіспейді. Адвокат істің саяси астары барын айтады. Ақтөбеде қаңтар ісі жарыссөз кезеңіне өтті. Прокурор күдіктілерге түрлі жаза сұрады, ең көбі - 15 жылға бас бостандықтан айыру. - Азаттық радиосы қаңтар құрбандары жайлы мақалалар енген кітапты таныстырды, "Қаңтар және журналистика" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.