Тараздағы "аруақтар соты", Мамайға қайта тағылған айып

Your browser doesn’t support HTML5

Тараз қаласында Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталып жатқан 9 адамның сотында прокурор айыптау акт оқыды. Сотталушылар тізіміндегі 5 адам былтыр дүрбелеңде оққа ұшқан. Тірілері айыппен келіспейді. Оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайға "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген айып қайта тағылды. Мамайдың қоғамдық қорғаушысы істің саяси астары барын айтады. Ресейде түрмеде жатып, соғысқа аттанған бесінші тәжік азаматы қаза тапты. Марқұмның мәйіті Тәжікстанға жеткізілді. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australia Open-нің финалына шықты. Ол Беларусь қызы Виктория Азаренконы жеңді.