Дайрабаевтардың дауы, қазақ қыздарына салық салу, Жаңаөзендегі наразылық – 7 сәуір┃AzatNEWS

Your browser doesn’t support HTML5

Депутат Жигули Дайрабаевтың екі ұлы сотталды. Қоғам оның парламенттен кетуін талап етіп жатыр. Ал партияластары ондай жоспар жоғын айтты. Шетелдікпен тұрмыс құрған әйелдерге салық салуды ұсынған депутат Қарақат Әбденді мандатынан айыру талабымен петиция жарияланды. Бұл бастамаға қоғамның реакциясы қандай? Жаңаөзен қаласында жұмыс талап еткен екі ереуіл өтіп жатыр. Парламент өкілдері бұдан хабардар ма? Әкімдік мәселені қалай шешпек? Шығыс Қазақстанда Маралды ауылының халқы алтын фабрикасын салуға тағы қарсылық білдірді. Алтын өндіргісі келетін компания қожайынының кім екені құпия.