Мұнайшылардың талабы, "ҚазМұнайГаздың" жауабы, Алматыдағы ұстау

Your browser doesn’t support HTML5

Тұрақты жұмыс сұраған мұнайшылар мен "ҚазМұнайГаз" компаниясының келіссөзі әлі бітпеді. Компания талаптың кейбірін орындау мүмкін емес деп мәлімдеді. Астанада полиция ұстап, Жаңаөзенге қайтқан мұнайшылар "билік алдап-сулап шығарып салды, талабымыз орындалмайтын түрі бар" деп президентке үндеу жолдады. Алматыда 9 сәуір күнгі митингіге байланысты тағы бір белсенді ұсталды. Ал сайлауға қатысқан экс-кандидат 19 наурыз күні заңсыздық көп болғанын айтып, пикет өткізді.