Генералдың сотталуы, Қаңтар үкімі, Украинаға шабуыл – 28.04.2023┃AzatNEWS

Your browser doesn’t support HTML5

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы генерал-майор Серік Күдебаев 10 жыл бас бостандығынан айырылды. Үкім күшіне енсе, ол жазасын қауіпсіздігі орташа түрмеде өтейді. Таразда Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған тоғыз адамға сот үкімі шықты. Олардың қаншасы рақымшылыққа ілінді? Ресей Украинаға тағы да әуеден шабуыл жасады. Қаза тапқандар бар. Ал әлем елдері азаматтық соғыс болып жатқан Суданнан азаматтарын әлі де эвакуациялап жатыр.