Украинада жас сарбаз жерде жүретін дрон құрастырып жатыр

Your browser doesn’t support HTML5

Украинада 22 жастағы әскери қызметкер Евгений Гнаток жерде жүретін дрон құрастыра бастады. Қашықтан басқарылатын көліктің бірнешеуін украин қорғаныс күштері алып үлгерген. Қазір олар майдан даласында қолданылып жатыр. Евгений бұл қаруға әскердегі жолдасының құрметіне "Сирко" деп ат қойған. "Бұл қымбат тұратын дрондарға жақсы балама болуы мүмкін" дейді.