Галкин концертіне "кедергі", Ресейге ұшудың қаупі

Your browser doesn’t support HTML5

Ресейлік әртіс, әзілкеш Максим Галкин Алматы мен Астанада жоспарлаған концертіне Қазақстан билігі "кедергі келтіріп отырғанын" мәлімдеді. Іс-шараның жоспардан түсіп, келісімшарт бұзылғанын "Қазақконцерт" мекемесінің қызметкері растады. Ресейдің әуежайларына Украина шабуылы жиілеген тұста Қазақстанның азаматтық авиация мекемесі әуе компанияларына қауіпсіздік туралы нұсқау берді. Сарапшы дрон шабуылдарынан соң Ресейдің әуе жолдары қатерлі екенін айтады. Оңтүстік Африкада мигранттар паналаған үйлер өртеніп, кемі 73 адам қаза тапты. Күйік шалып ауруханаға түскендер 50-ден асады.