Төрт бүлдіршіннің қазасы, саудаға шыққан ұшақтар, Газадағы қазақтар - AzatNews | 26.10.2023

Your browser doesn’t support HTML5

- Абай облысы Аягөз қаласында тұрғын үйде өрт шығып, төрт бүлдіршін қаза тапты. Оқиға кезінде әкесі жұмыста, анасы базарда болған. - Алматыда бірнеше адам президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Газа секторы аумағында қалған туыстарын құтқаруды сұрады. Аумақты Израиль тоқтаусыз бомбалап жатыр. - Қазақстан үкіметі ескіріп, іске алғысыз қалды делінген 117 әскери ұшақты саудаға шығарды. Барлық ұшақтың құны 900 миллион теңгеге жуық.