Accessibility links

Мариуполь қаласының спутниктен түсірілген көрінісі. 12 наурыз 2022 жыл.
Мариуполь қаласының спутниктен түсірілген көрінісі. 12 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 9-13 наурыз аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

Польшаға жақын әскери полигонды атқылау кезінде қаза болғандар көбейді

Соңғы мәлімет бойынша, шабуылдың салдарынан 35 адам қаза болған. 134 адам жараланған.

Бұған дейін Львов облысының билігі Яворов полигонына қарай шамамен 30 зымыран ұшырылды деп мәлімдеген. Кейбірін украин жағы атып түсірген.

Ресейде соғысқа қарсы акциялар өтіп жатыр. Хабаровск, Омбы, Иркутск, Владивосток, Екатеринбург қалаларында ұстаулар болған. "Украина, ты права" (Украина, сенікі дұрыс), "Нет войне!" (Соғыс болмасын!) деген жазуы бар плакат көтерген адамдар ұсталған.

"ОВД-Инфо" мәліметінше, ұсталғандар жүзден асқан. Екатеринбургте 24 адам полицияға жеткізілген.

"ОВД-Инфо" мәліметінше, соғысқа қарсы акцияларда ұсталғандар 400-ден асқан. Жексенбі күні мұндай шара Ресейдің 30 қаласында өткен. 24 ақпаннан бері соғысты тоқтатуды талап еткен акцияларда 14,4 мың адам ұсталған.

Түркия СІМ: Путин Ердоғанмен келіссөз кезінде Зеленскиймен кездесуге қарсы еместігін жеткізген

Жексенбі күнгі баспасөз мәслихаты кезінде Түркия сыртқы істер министрі президент Режеп Ердоғанның Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін, Путиннің Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездесуге қарсы еместігін айтқанын жеткізді. Бұл жөнінде ВВС-дің Орыс қызметі жазды.

"[Ресей мен Украина] басшыларының кездесуін ұйымдастыруға күш салып жатырмыз. Соғыс басталғанға дейін де соған талпынғанбыз. Жалпы Путин біздің президентпен сөйлескен кезде ондай кездесуге қарсы еместігін білдірген. Украина тарабы дайын" деді Мевлют Чавушоглу Түркия сыртқы істер министрі.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG