Accessibility links

AI: Оккупанттар Украинада мұғалімдерді орысша сабақ беруге мәжбүрлеп жатыр


Халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы Ресей билігін Украинаның оккупацияланған аймақтарындағы мұғалімдерге қоқан-лоқы жасап, балаларды "Кремль идеологиясы сіңірілген" ресейлік оқу бағдарламасымен оқытуға мәжбүрлеп жатыр деп айыптады. Бұл жөнінде BBC ақпарат агенттігі жазды.

Amnesty жариялаған есепке сәйкес, оккупацияланған аймақтағы Ресей тағайындаған билік өкілдері украин мұғалімдеріне не қылмыстық қудалаудан қашуды не оқушыларға ресейлік мемлекеттік идеологияны сіңіруге атсалысуды ұсынады. Мұғалімдердің көбін тінтіп, тіпті күш те қолданады.

Оккупацияланған аймақта мектептердің жұмыс істеп тұрғаны Ресей билігіне бақылауды күшейту үшін маңызды. Мұғалімдерді мектепке қайта оралуға мәжбүрлеп, қысым жасайды. Оларға қызмет бойынша өрлеу мен жалақыларын көтереміз деп уәде береді. Ұсыныстан бас тартқан жағдайда "жұмыссыз қалдырамыз", "қоғамды қарсы қоямыз" деп қорқытады, тіпті күш те қолданады деп жазды есеп авторлары.

Кейбір мұғалімдердің айтуынша, оларды мектептегі пропагандалық шараларға қатысуға мәжбүрлейді, Ресейдің мемлекеттік рәміздері жанында күштеп суретке түсіреді. Құқық қорғаушылардың сөзінше, оккупациялық билікпен әріптестік орнатудан бас тартқан кейбір мұғалімдер із-түзсіз жоғалған, кейбірін "ұрлап әкетіп, өлтірген".

Amnesty ұйымы осындай өрескел адам құқығын бұзу фактілерін зерттеп, кінәлілерді жауапқа тартуға шақырады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG