Accessibility links

Қазақстанда АЭС бойынша референдум алдындағы тыныштық күні басталды


Қазақстанда атом электр станциясының құрылысына қатысты референдум алдында тыныштық күні басталды. Бұл күні үгіт-насихатқа тыйым салынған деп еске салды мәдениет және ақпарат министрлігі.

5 қазанға дейін жарияланған үгіт-насихат материалдар, плакаттар сол орындарда сақталады. Үгіт-насихат кампаниясы 3 қыркүйекте басталып, 4 қазанда аяқталған.

6 қазанда елде он мыңнан астам сайлау учаскесі ашылады, одан бөлек Қазақстанның өзге елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде 74 учаске жұмыс істейді.

Жұртшылық "Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген сұраққа жауап береді. "Иә" немесе "жоқ" деген екі жауап қарастырылған.

Бұған дейін үкімет станция салу бойынша Ресей, Қытай, Франция және Оңтүстік Корея компанияларынан өтініш түскенін хабарлаған.

Сайлаушылар тізімінде 12 млн 233 мыңнан астам азаматтың аты-жөні бар. Референдум сайлаушылардың 50 пайыздан астамы қатысқан кезде өтті деп саналады.

Референдум өткізуге қазынадан 15,5 млрд теңге (қазіргі валюта бағамы бойынша 32 млн доллар) жұмсалмақ.

XS
SM
MD
LG